Көлік жүргізушінің айтуынша, ауа температурасы +55 градусты көрсеткен
Шымкентте сынап бағанасы екі апта бойына +40-тан түспей тұр. Ал Түркістан облысының кейбір аудандарында ауа температурасы +55, +60 градусқа дейін көтерілген көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мына Сарыағаш көшесімен келе жатқан көлік жүргізуші қазір онда +55 болып тұрғанын, тіпті алдағы күні ауа температурасы +60 градусқа баратынын айтып болжауда. Тіпті күннің ыстық болғаны сонша, көшедегі бағдаршамдар балқып жатыр.