Дубайда төбелес шығарған қазақстандықтарға қомақты айыппұл салынды
euroradio.fm
Енді олар елге айыппұлды төлегенде ғана қайта алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Біріккен Араб Әмірлігіндегі қонақ үйлердің бірінде ішімдікке сылқия тойып, төбелес шығарған қазақстандық туристерге қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Біріккен Араб әмірлігі және Дубайдағы Қазақстанның бас консулдығының мәлімдеуінше, заңы қатал араб елінде тәртіп бұзғандарды қонақ үй әкімшілігі полицияға ұстап берген.
Тәртіп сақшылары алкоголь ішу дерегі бойынша екі хаттама толтырып, істі сотқа жолдаған. Қамалып кетуден аман қалған азаматтарға сомасы аса жоғары айыппұл салынған. Енді олар елге айыппұлды төлегенде ғана қайта алады. Біріккен Араб Әмірлігінің заңнамасында тіптен шетелдіктерге де ішімдік ішуге қатаң тыйым салынған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30