Көршілер жіберілген гуманитарлық көмек көліктері Түркістанға жетті
Түркістанда түнеген камаз көліктерінің жүргізушілері таңертеңмен Ақтөбеге жолға шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қырғызстан Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов су тасқыны орын алған өңірлерге арналған жүкті басқарып келді. Автокалонаны Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержанов қарсы алды.
Қазақстан Республикасының аумағында полиция қызметкерлерінің сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Гуманитарлық жүк Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы тасқын судан зардап зеккен халыққа арналған. Таңертеңмен гуманитарлық көмек тиелген 15 фура су тасқыны орын алған аймақтарға жолға шықты.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында жасанды бөгеттерді жару жұмыстары басталды