Алматылық құтқарушылар Ақтөбе облысына көмекке аттанды (Видео)

30.03.2024 16:21

Жеке құрам су тасқыны салдарын жою үшін жіберілді

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін түнде құтқарушылар тобы Алматыдан Ақтөбе облысына көмекке аттанды, деп хабарлады Аlmaty.tv тілшіс ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- 30 наурызға қараған түні Алматы қаласы Республикалық жедел-құтқару жасағы Ақтөбе облысына ұшып кетті. Жеке құрам су тасқыны салдарын жою үшін жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

РЖҚЖ қызметкерлері өздерімен бірге резеңкелі және моторлы қайықтарды, альпинистік жабдықтары мен құралдарды алды.

Айта кетейік, кеше Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланғаны, қала маңындағы саяжайларды су басып жатқаны хабарланған еді.


Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында бөгет жарылып, адамдар шұғыл эвакуациялануда