Алматыда велошабандоздар сенбілігі өтті

04.11.2019 16:22

Шараға 20-дан астам велошабандоз қатысты

Қаланы тазарту шараларына велошабандоздар да атсалыса бастады. Алматы қаласының бір топ ерікті спортшылары өздері жаттығу жүргізетін экономикалық аймақты демалыс күндері қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қоршаған ортаны ластаушыларға үлгі боларлық шараға 20-дан астам велошабандоз қатысты. Олар қоғамды осындай игі істерге тарту керек деп санайды.

«Біз мұнда күнделікті жаттығу жасаймыз, жарыстарға дайындаламыз. Сол себепті осы аймақты тазартайық деп шештік. Қоқысты кімнің тастайтынын білмеймін. Өзіміз алып келген 100 қаптың жартысы қоқысқа толды. Бұл игі шаруаны жастарға үлгі болсын деп жасап отырмыз. Қоршаған ортаны тазалықта ұстау керек», – деді «Алматы марафон» директоры Салтанат ҚАЗЫБАЕВА.