|
07.02.2020 | 17:24
3270

Алматыда Қазақ Ұлттық аграрлық универсиеті жанынан еріктілер штабы құрылды

«Парасаттылық - ізгіліктің белгісі» шарасына 2000-ға жуық волонтер қатысты

Алматыда Қазақ Ұлттық аграрлық универсиеті жанынан еріктілер штабы құрылды Almaty.tv

Жақсылық жасау әрбір адамның өз қолында. Тек оған батыл жүрек пен риясыз мейірімділік керек. Бүгін Алматыда Қазақ Ұлттық аграрлық универсиеті жанынан еріктілер штабы құрылды. Онда тілегі бір жандар жиналып, көмекке мұқтаждарға қол ұшын берумен айналысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, еріктілер клубының ашылуы аясында ауқымды форум өтті. «Парасаттылық - ізгіліктің белгісі» шарасына 2000-ға жуық волонтер қатысты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен былтыр «Жастар жылы» болып жарияланған. Бұл ел жастарына ерекше серпін берді. Мемлекет тарапынан жас ұрпаққа қолдауға бағытталған маңызды қадам болатын. Осы игі бастамалар бір жылмен шектелмесе, себебі жастар – біздің еліміздің жарқын болашағы, сенімді тірегі. Елбасы бастаған жастар жылының жалғасы ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді жастардың ұсынысымен биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп анықтап отыр», – деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес ЕСПОЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир