Бішкек қаласының тұрғыны Мээрим Черикбаева өзін Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы ретінде көпшілікке таныстырды. Қырғызстан азаматы мұны 19 қыркүйекте арнайы шақырылған баспасөз маслихатында мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АКИpress басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйелдің жасы 33-те. Өзінің айтуынша, ол қарапайым адамдар сияқты өмір сүрген, жұмыс істеген. Сегіз жыл бұрын ауырып қалған. Дәрігерлер бір жыл бойы нақты диагноз қоя алмайды. Сол уақыт аралығында ол жұмыс істей алмаған, адамдармен араласпаған, басқа қалаға көшіп кетуге мәжбүр болған екен.
2015 жылы Мээрим түс көріп, түсінде маңдайында «Махди» деген жазудың болғанын байқаған. (Бұл сөз исламда ақыр заман келмей тұрып өмір сүретін, Мұхаммед пайғамбардың соңғы мұрагері дегенді білдіреді — ред.). Сондай-ақ оның маңдайына үлкен қара белгі қойып берген екен.
«Бұл өмірде барлығы өз орнымен болуы тиіс. Мысалы, қырғыздар — анатомиясы өте әлсіз халық, бірақ Жаратқан оларға батыстағы адамдардікімен бірдей ойлау қабілетін берді. Бұл — қырғыздар ақша тауып, қүн көре алады дегенді білдіреді. Маған мұның барлығын Жаратқан көрсетті. Ол маған адамның болмысын көре алатындай қабілет берді. Мысалы, мен үйі, ақшасы жоқ бақытсыз болып көрінетін адамды көріп қаламын, расында ол өте бақытты болып шығады. Бақытты болып көрінетін, бірақ расында бақытсыз отбасыны көремін. Құдай маған адамдар туралы барлығын айтып береді», — дейді ол.
Қырғызстандық әйелдің жанына қатты жақындауға болмайды. Мээримнің айтуы бойынша, оның көздері нұр шашып тұр. Сондықтан көзілдірікті шешпейді. Адамдармен тек кітаптар арқылы, баспасөз маслихаттары арқылы араласады.