|
19.10.2019 | 12:27
15321

"Барыстың" канадалық экс-ойыншысы қазақстандық қызбен шаңырақ көтерді

Хоккейші қызбен елордалық клубтың құрамында ойнап жүргенінде танысқан

"Барыстың" канадалық экс-ойыншысы қазақстандық қызбен шаңырақ көтерді stan.kz

«Барыстың» бұрынғы шабуылдаушысы, канадалық Кори Тривино қазақстандық Татьяна Васильченкомен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Stan.kz.

Хоккейшінің елордалық клубтың құрамында ойнап жүргенінде танысқан ғашықтардың махаббаты туралы екі жыл бұрын белгілі болған еді. Сол кезде Тривино әлеуметтік желіде сүйіктісінің қатерлі дертке шалдыққаны туралы жазып, көмек сұрады. Артынша «Барыс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Біраз уақыттан кейін клуб канадалық хоккейшімен келісімшартты бұзды.

Бүгінде, Татьянаның Instagram желісіндегі жазбасына қарағанда, ол қатерлі дертті жеңген тәрізді.

«Бұлай болады деп кім ойлаған. Мен Қазақстаннанмын, Кори Канададан. Және біз Германияда шаңырақ көтердік. Біз жай ғана қағаздарға қол қоя саламыз деп ойлаған едік. Алайда кеше біздің хоккейдегі отбасымыз тосынсый жасады. Олар барлық дәстүр бойынша нағыз үйлену тойын жасап берді. Кешегі күн үшін көп рахмет! Сіздерді жақсы көреміз және біз үшін жасаған дүниелеріңіз үшін алғыс білдіреміз», - деп жазды Татьяна Васильченко.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир