Министр білім саласына қатысты әңгімелесіп, пікірі мен ұсынысын айтқан мұғалімдерге алғысын білдірді.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерге ауызашар берді. Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қасиетті Рамазан айында елордалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерді ауызашарға шақырдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімізбен білім саласындағы мәселелер төңірегінде де әңгіме өрбіттік", - деп жазды Аймағамбетов.
Министр білім саласына қатысты әңгімелесіп, пікірі мен ұсынысын айтқан мұғалімдерге алғысын білдірді.