Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды

elements.envato.com
elements.envato.com
Ай сайын елімізде 400-ге дейін көкжөтел жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда көкжөтелден тағы бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы ауыр дерттен Ұлытау облысының тумасы көз жұмған. Еліміздің бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова сәбидің екпе алатын жасқа толмағанын айтты.

– Бұл аурудан екі бала көз жұмды. Көкжөтелден қорғанудың бір ғана жолы бар, ол – вакциналау. Қазір екпе салу 2-айдан басталады, содан кейін балалар бір жасқа толғанша қатарынан 3 рет екпе алады. Еуропалық вакцина сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Статистиканы қарасаңыз, науқастардың 90 пайыздан астамы — екпе алмаған, – деді  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтел, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қауіпті. Егер дер кезінде екпе жасалмаса, аса қауіпті вирус ауыр өтеді. Тіпті өлімге әкеледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, он науқастың төртеуі ауруға төтеп бере алмай, көз жұмуы мүмкін. Биыл Қарағанды мен Ұлытау облыстарында көкжөтелге қарсы екпе салдырмаған екі бала қайтыс болды. Ай сайын елімізде 400-ге дейін көкжөтел жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр.

Оқи отырыңыз: СҚО-да 13 жастағы қыз түсік жасатқан

Новости партнеров