Биыл мектептерде алғашқы қоңырау қай күні соғылады: Оқу-ағарту министрі жауап берді

06.08.2024 16:43

Салтанатты жиын дәстүрге сай 1 қыркүйекте өтеді

Сгенерировано ИИ

Биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келіп тұр. Мектептерде алғашқы қоңырау салтанатты дәстүрге сай 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі. 

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрі биыл алғашқы қоңырау қай күні өтетінін мәлім етті.

- 1 қыркүйек – символикалық мәні бар күн. Сол үшін алғашқы қоңырау салтанаты жексенбі болса да, 1 қыркүйекте өтеді. Бұған дейінгі барлық уақытта салтанатты жиын дәл осы күні өткен. Биыл да ештеңе өзгермейді, - деді министр. 

Оқи отырыңыз: Жаңа оқу жылы: биыл баланы мектепке дайындау бағасы өзгерді ме