Күніне бір шелек су: Алматы облысының тұрғындары ауыз суға зәру

Күніне бір шелек су: Алматы облысының тұрғындары ауыз суға зәру
Оның себебі – екі жыл бұрын жарты ғасыр жұмыс істеген ұңғымалар ескірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында мыңдаған тұрғын екі жылдан бері ауыз суға зар болып отыр. Соңғы екі аптада ахуал ушығып, бір ұрттам судың өзін кезекке тұрып алуға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, жауапты компания ескертусіз су беруді тоқтатқан. Осыдан екі жыл бұрын жарты ғасыр жұмыс істеген ұңғымалардың ескіргенін аңғарған. Өйткені елдімекен тіршілік нәрінен аптасына бір ажыратылып отырыпты. Кейін бұл үрдіс әдетке айналған.

- Соңғы жылдары ауыл халқы 6-7 есеге көбейді. Бірақ су мұнаралары жаңартылған жоқ. Қосымша ұңғыма да қазылмады. Түнімен ұйықтамай, суды күтеміз. Ол не ішкенімізге, не кір жуғанымызға жетпейді, – дейді Шамалған ауылының тұрғыны Татьяна Кудасеевич.

Ауылды сумен қамтып отырған мекеме өкілі соңғы екі аптада су болмағанын растады.

- Екі апта бұрын бір ұңғыма істен шықты. Оны жөндедік. Бірақ су деңгейі төмен түсіп кетіпті. Яғни, қайта тартуға тура келді. Ал суды кеше түнде бердік. Су бау-бақшаны суғаруға емес, ішуге арналған. Егер ел су сорғысын пайдалануды және бақшасын суаруды қойса, мәселе шешіледі, – деді "Таусамалы-Қызмет" ЖШС өкілі Мұхтар.

Әкімдік өкілдері де тапшылық халық санының артуына байланысты екенін жеткізді. Олардың айтуынша, жақында жаңа ұңғыма қазылады, қаржы дайын. Енді конкурс жарияланып, округтегі ауыз су мәселесі толық шешілмек.


Новости партнеров