БҚО-да әйел адамға найзағай түсті

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға орнына барған фельдшер судағы адамның қайтыс болғанын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теректі ауданы Шалқар көлі жағасында найзағай түскен адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 7 шілдеде сағат 17:00 шамасында болған. Көл жағасында демалып жатқан 39 жастағы ресейлік әйел кенеттен болған оқыс оқиғадан көз жұмған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:13-те Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясына Шалқар демалыс орнында 1984 жылғы адамға  найзағай түскені жөнінде хабар келген. Оқиға орнына барған фельдшер судағы адамның қайтыс болғанын анықтады.

Теректі ауданы Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Алмагүл Салахиева болған жағдайдан соң көп өтпей әйел адамның жан тәсілім еткенін жеткізді. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.

Оқи отырыңыз: Елорда тұрғыны ондаған жылға сотталды

Новости партнеров