Қарлы боранның кесірінен жүздеген автокөлік жолда қалған
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8.50-ден бастап «Қостанай - Әулиекөл - Сурган» күре жолының кейбір учаскелерінде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ, «Жезқазған-Петропавл» бағытындағы жол мен «Жақсы - Есіл - Бузулук» көлік жолдары да жабылған.
Айта кетелік, бұған дейін Ақтөбе облысында қарлы боран болып, жүздеген автокөліктер тас жолда тұрып қалған болатын.