Қазақстанға ұшып келген 3 мыңнан астам жолаушының ПТР тестілеу туралы анықтамасы бар

13.05.2021 16:30

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 1 796 жолаушы

Фото: pixabay.com

Қазақстанға 25 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңнан астам жолаушы келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

12 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Грузия, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Моңғолия, Сербия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 025 авиажолаушы келді. Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 1 796 жолаушы; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 683 жолаушы; 

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы; 

Семей қаласының әуежайына – 2 рейс, 10 жолаушы.

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 123 жолаушы. 

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 192 жолаушы. 

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы. 

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.