Павлодар тұрғыны жедел жәрдем дәрігерлерін пәтеріне қамап кеткен

03.05.2019 16:30

Бұзақы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды

Павлодарда ер адам әйеліне жедел жәрдем шақыртып, келген дәрігерлерді пәтерде қамап кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ер адам дәрігерлерді пәтеріне қамап, өзі жедел жәрдем бекетіне барып, медициналық қызметкерлер дер кезінде көмек көрсетпейтініне шағымданып, жанжал шығарған.

«Ер адамға медициналық қызметкерлерді ұстау заң бұзушылық болып табылатыны ескертілген кезде, ол жұбайына хабарласып, ол дәрігерлерді жіберді. Аталмыш факті бойынша медицина қызметкерлері полицияға арызданды», - деді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Бұзақы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Айыпталушы болса, дәрігерлердің дөрекілігіне шағымданып, денсаулық сақтау басқармасына арызданды.

Жедел жәрдем баспасөз қызметі оқиғадан кейін сол мекенжайдан екі рет шақырту түскенін, бірінші рет әйел адамда стресстен кейінгі синдром болса, екінші рет соққы іздері анықталған.

Алайда жәбірленуші әйел ауруханаға барудан бас тартқан.