Президент Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы көптомдық құжатпен танысты

akorda.kz
akorda.kz
Мемлекеттік комиссияның қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысына Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының негізінде дайындалған көптомдық таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады.

Мемлекеттік комиссияның қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған.

Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия мүшесі еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеу жүргізді. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерді құпиясыздандыруға және қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысына әртүрлі қуғын-сүргін санаттары бойынша құжаттар мен материалдар негізінде құрастырылған 31 томдық құжат таныстырылды.

Биыл да Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

Новости партнеров