Аза тұту күні: Жамбылдықтар жарылыстан қаза болғандарды еске алып, ерен ерлігіне құрмет көрсетті

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Өңірдегі саябақ пен өрт сөндіру ғимараттары алдында гүл шоқтарын қою шаралары өткізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірлігі мығым елге қайғы да ортақ. Төтенше жағдай болған Жамбыл облысында да бүгін таңертеңнен бері жарылыстан көз жұмғандарды еске алу, ерен ерлігіне құрмет көрсету мақсатында өңірдегі саябақ пен өрт сөндіру ғимараттары алдында гүл шоқтарын қою шаралары өткізіліп жатыр. Қазір түсірілім тобымен арнайы Тараз қаласында жүрген Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын бізбен тікелей баланысқа қосылады.

- Ұлағат, қайғыға ортақтасып келіп жатқандар көп пе? Ақпаратыңды бөліссең.

- Рақмет, Қайрат. Иә, қайғыны бөліссең азаяды деген. Бұл оқиға опат болғандардың, отбасыларына ғана емес, бүкіл елімізге ауыр тигені рас. Біз қазір Жамбыл облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару басқармасында тұрмыз.  Иә, қайғыға ортақтасып келіп жатқандардың көп. Олардың ішінде Қала тұрғындары қоғам белсенділері бар. Қазір менің қасымда Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Әлібек Әбсатов тұр. Сіз тікелей эфирдесіз...

Рақмет, аға. Құрметті көрермен қазір мәңгілік алау жанына жақындасақ. Мұнда қызмет жолында қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құтарушылар және әскери прокуратура қызметкерлерінің суреті қойылған. Міне мына жерде былай жазылып тұр.

«Онда барған азаматтар әрқасысы батырға лайықты іс атқарды. Оған екінің бірі бармайды ғой. Қайғысына ортақпыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, мынау бүкіл Қазақстан болып барлық салада мынау құтқару саласы болсын, министр қызметкерлері болсын, армия жағынан болсын барлығы келіп, көмектесіп, әкімдіктен болсын, барлығы ұйымдастырып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бәрі көмек берп жатыр», – деді Байзақ ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы Асқар Бекбауов.

Осы төтенше жағдайда қаза болған бейбіт күннің батырларына мектеп ұжымы болып біз көңіл айтамыз. Болашақта бұндай қайғылы күндер болмасын, аман-саулықта болйық.

Айта кетейік, Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда Аза Тұту күні осымен 10 рет жарияланып отыр.  Осы тұста естеріңізге салайық, Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданында оқ-дәрілер мен қару жарақ сақталған әскери қоймада жарылыс болып, салдарынан 13 адам көз жұмды. Қазір қалалық ауруханада 28 адам ем қабылдап жатыр. Бас дәрігер орынбасарының айтуынша, 2 адамның жағдайы аса ауыр екен. Қайрат, алдағы шығарылымдарда тікелей байланысқа қосыламыз. Жаңалық күтіңіздер.

- Бізбен Жамбыл облысынан тікелей байланысқа шыққан әріптесім Ұлағат Арғын болатын. Арнайы шығарылымды жалғастырамыз.

Новости партнеров