Кәсіпкерлер Қытаймен шекара жабылғанын сылтауратып, азық-түлікті қымбаттатты

05.02.2020 02:09

Алайда, Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатқан жоқ

1zoom.me

Алайда, Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатқан жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Тұтынушыларымызға өтінішім бар. Қазіргі уақытта бірқатар тауар сатушылары Қытаймен шекара жабылғанына сілтеп, азық-түліктің бағасын көтере бастады. Осыған орай, Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатпағанын хабарлаймын. Бұл – тек бизнестің жосықсыз әрекеті. Осы себепті бағаны көтеруге қолданады», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Министр сауда орындарда, базарлар мен нарықтарда бағаға қатысты сөз байласуларға ден қойылып, жойылатынын жеткізді. Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ, тұтынушылардан бағаның негізсіз шарықтатудың куәгері болған жағдайда экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласуды өтінді.

8 (7172) 75-16-32

8 (7172) 74-98-32