Қытай вирусты түбегейлі жоюға дайын

04.02.2020 16:58

Елде осы вирустан қаза тапқандар 2,1 пайызды құрап отыр

Қытайдың сыртқы істер министірлігі короновирус қауіпті індеті туралы мәлімдеме жасады. Олардың хабарлауынша, вирусты түбегейлі жоюға дайын. Бүгінде Қытайда осы вирустан қаза тапқандар 2,1 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қытай Халық Республикасы Министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чунингтің айтуынша, бұл вирустан қаза тапқандар саны елдегі эбола және тыныс алу синдромының вирусына қарағанда әлдеқайда төмен.

Еске сала кетейік, Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың желтоқсан айында короновирус тіркелген еді. 3 ақпандағы жағдай бойынша вирус жұқтырғандар 20 мыңнан асып, қайтыс болғандар саны 425 адамға жетті. Қаза тапқандардың көп бөлігі вирус тараған Хубэй провинциясының астанасында болған.