Короновирусқа байланысты Қытай билігі 7 млн халқы бар Ухань қаласын карантинге жапты

23.01.2020 19:27

7 миллион тұрғыны бар қалада қоғамдық көлік, әуежай және теміржол станциялары жұмысын тоқтатты

dw.com

Әлем жұртшылығының үрейін ұшырған короновирустың жедел тарауына байланысты, Қытай билігі Ухань қаласын карантинге жапты. Бүгін 7 миллион тұрғыны бар мегаполисте қоғамдық көліктер, әуежай және теміржол стансалары жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы елдің «Дертпен күрес» жөніндегі жедел штабы, азаматтардың қаладан шығуына шектеу қойған. Соңғы мәліметтер бойынша, Қытай елінде 600-ге жуық адам пневмонияның осы түріне шалдыққан, одан 17 адам қайтыс болды. Осыған байланысты Елордада бүгін еліміздің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті шұғыл брифинг өткізеді. Қорытынды жаңалықтарда толығырақ айтатын боламыз.