Алматыда МИБ пен ТС құру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Біздің ПИК 2022 жылдың мамыр айында рұқсатсыз 4 МИБ құрды: екі төрағасын ешқашан көрген емеспіз. МИБ-ке өткен кезде негізгі шарт мемлекеттік аудит болсын деп ұсыныс жасағым келеді.
Менің екінші ұсынысым құрылыс салушылардың ПИК пен ЖШС-ге қатысты. Олар өздерін сервистік компания деп өзгертіп, біздің қаржымызды одан әрі пайдалануды жалғастырғысы келеді. Тұрғындардың пікірлері екіге бөлінді. Бірі МИБ-тің не екенін білмейді. Бірақ мемлекет алаяқтық әрекеттерден қорғау үшін, ашықтық үшін оны құруға дайынбыз", - деді Алатау ауданы тұрғыны.
"Біріншіден, бізде ПИК жұмысына мемлекеттік аудит жүргізуге мүмкіндік жоқ. ПИК – бұл бір кездері сіздер құрған өзін-өзі басқару органы. Сіз өз еркіңізбен үйіңізге, кіреберісіңізге, аулаңызға қызмет көрсетуге ақша бердіңіз. Егер барлығы ауланың жақсы әрі таза болуына, шамдардың жанып, күтімде болуын қаласа, біз қарсы емеспіз. Қосымша ұсынысыңызды жазбаша түрде берсеңіз болады.
Биыл біз үйішілік аумақтарды тазартуға 8,6 млрд теңге бөлдік. Бүгін МИБ пен ТС мұнымен айналыспайды. Жекелеген жағдайда мен тапсырма беремін: сіздердің директорларыңызды табуға және бәрін ретке келтіруге көмектесеміз. Бірақ тұрғындар өздері жиналып, қандай ауланы қалайтынын анықтамаса, біз олар үшін шеше алмаймыз.
Құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша: МИБ пен ТС деген не, әділет департаментінің заңгерлері, жеке компаниялар заң көмегін көрсетіп, сіздердің қандай құқықтарыңыз бар, не істеуге болатынын түсіндіруі үшін қажетті қаржыны бөлуге тапсырма беремін,"- деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.