Алатау ауданындағы Қарғалы өзені арқылы өтетін көпір 20 маусымға дейін қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Сіздер "Теплоэнергетик" шағын ауданындағы көпірді қалпына келтіруді тапсырдыңыздар. Осы уақытқа дейін бұл жұмыс жүргізілген жоқ", - деді қала тұрғыны.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының директоры Шалқар Омарбековтың айтуынша, мердігер жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 2 ай ішінде көпірді қалпына келтіру туралы міндеттеме алды. Оған бір қоршау ғана емес, арнайы бетон блоктары қажет.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
"20 сәуірде күзгі-қысқы кезең аяқталды, 20 маусымға дейін көпір қалпына келтіріледі. Қыста жұмыс жасау оңай емес. Аудан әкімі және "ҚазТрансГаз Аймақ"АҚ жұмысты бақылайтын болады", - деді қала әкімі.
Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың айтуынша, қыс мезгілінде Қарғалы өзеніндегі топырақ өте жұмсақ болғандықтан көпірді қалпына келтірілмеген.