Теміртау қаласының әкімі қызметінен кетеді
Фото: ашық дереккөзден
Ғалым Әшімов бұл қызметке 2015 жылы тағайындалған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов таяуда қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ғалым Әшімов тікелей эфир өткізіп, теміртаулықтардың сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі қызметтен кету туралы қауесеттерге қатысты болды. Қала басшысы бірнеше күннен соң қызметінен кететінін айтты. Ол енді облыстық басқармалардың бірін басқарады.
«Ротация сияқты нәрсе бар. Мен Теміртауда бес жыл жұмыс істедім. Енді облыстық басқарманы басқарамын», – деді Ғалым Әшімов.
Айта кетейік, Ғалым Әшімов бұл қызметке 2015 жылы тағайындалған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52