Алматыда бес мыңға жуық азаматқа полицияның модульдік қызметтерінде көмек көрсетілді

polisia.kz
polisia.kz
Алматыдағы қылмыстық жағдай бүгінде тұрақты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бес мыңға жуық азаматқа полицияның модульдік қызметтерінде көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы қылмыстық жағдай бүгінде тұрақты. Қылмыстар саны екі есе азайды. Бұл факторға карантин ғана емес, сонымен қатар қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін алдын-алу шаралары да ықпал етті.

«Олардың ішінде полицияның модульдік посттарын орнату. Бүгінгі таңда полицияның 41 стационарлық посты бар, олардың төртеуі туристік полицияға арналған, қалған 37-сі қылмыс көп болатын және құқық бұзушылықтар орын алатын жерлерде орналасқан. Осы посттарда тәулік бойы екі ауысымдық режимде сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бір учаскелік полиция инспекторы, кешкі 20.00-ден бастап таңғы 08.00-ге дейін полиция полкінің екі қызметкері түседі. Бір тәулікте барлығы 111 полиция қызметкері модульдік посттарда қызмет етеді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикер биылғы жылдың жеті айында 4 мың 682 азамат стационарлық полиция посттарына жүгінгенін, оның үшеуіне сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, 874 әкімшілік іс қозғалып, 2 мың 617 өтініш бойынша жауап шаралары қабылданды, тағы 2 мың 065 азаматқа құқықтық көмек және кеңестер берілді.




Новости партнеров