Алматыда Конституция күніне арналған «Ашық есік күндері» акциясы өтеді

20.08.2021 16:35

Акцияға қатысуға жастар, отбасылар, жас отбасылар шақырылады

twitter.com

«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасы аясында 23-27 тамыз аралығында  Конституция күніне арналған «Ашық есік күндері» акциясын өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Акция барысында әлеуметтік ортада үйлесімді қарым-қатынас құру, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында психологиялық сауаттылығын көтеру, отбасында туындауы мүмкін құқықтық мәселелері бойынша психологтан, заңгерден кәсіби кеңестер беріледі»,  –  делінген хабарламада.

Акцияға қатысуға жастар, отбасылар, жас отбасылар шақырылады. «Ашық есік күндері» Алматы қаласының 8 ауданында өтеді:

Аудан

Күні

Уақыты

1.    

Алмалы

23.08.2021

10:00-17:00

2.    

Алатау

24.08.2021

10:00-17:00

3.    

Әуезов

24.08.2021

10:00-17:00

4.    

Бостандық

25.08.2021

10:00-17:00

5.    

Жетісу

26.08.2021

10:00-17:00

6.    

Медеу

26.08.2021

10:00-17:00

7.    

Наурызбай

27.08.2021

10:00-17:00

8.    

Түрксіб

27.08.2021

10:00-17:00

Консультация онлайн режимде өтеді. Конфиденциалдылық қамтамасыз етіледі.