Оларды күннің аяғына дейін жылу желілеріне қосу жоспарланған
Екібастұзда апаттық-қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, 11 үйдің жылу торабы қосылмаған.
"Пәтерлерге жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйлерде көтергіштер, радиаторлар ауыстырылады. Сондай-ақ, сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Қалған 11 үйді күннің аяғына дейін қосу жоспарланып отыр", - деді жедел штаб өкілдері.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылған.