Қали Сәрсенбай: Президенттің шаһарымызға келіп, Наурыз мейрамын халықпен бірге қарсы алуы елге рух берді

Зере Саримова
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасындағы Таңғы Studio бағдарламасының тікелей эфирінде «Ана тілі» газетінің бас редакторы, жазушы-журналист Қали Сәрсенбай қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен қатар туған күнін тойлайтын жазушы  Қали Сәрсенбай барша қазақстандыққа жылы лебізін білдіріп, қос мерекені қалай тойлататынын айтып берді.

«Наурыз мейрамын бүкіл халық тойлайды. Бұл мейрамды көбіне ел отбасымен қарсы алады. Кеше күннің көзі шығып, жылынды.  Алматы - киелі, қасиетті жер. Қаңтар оқиғасынан кейін, Президенттің өзі шаһарымызға келіп, Наурыз мейрамын халықпен бірге қарсы алуының өзі елге кәдімгідей рух берді.  Үлкен серпін берді.  Ал енді туған күніме келетін болсам, ел ішінде 63 жас Пайғамбар жасы деп айтады. Ағайын-туыс барлығы жиналып 63 жасымды ерекше атап өткізбекпіз. Бұл да бір белес. Бүгінгі күн ғажап болып тұр. Себебі түнде амалдың ақшақары жауды. Барлық көрген қасіретіміз, кешегі күнмен кетсін. Ішіміз даудан, сыртымыз жаудан аман болсын. Жаманшылық жоқ болсын, қазақтың қарны тоқ болсын!» - деді жазушы Қали Сәрсенбай.

Эфирдің толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар. 

Новости партнеров