Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарауды ұсынды

t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында «Қазақстан-2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сондай-ақ, шалғайдағы ауыл тұрғындарына осы игіліктің бәрі қолжетімді болады. Ол үшін мемлекеттік қызмет, мемлекеттік статистика және мемлекет көрсететін қызметтер туралы заңдарға өзгертулер енгізу қажет», - деген Мемлекет басшысы мемлекеттік жоспарлау жүйесін жаңғырту мәселесіне жеке тоқталды.

«Соңғы жылдары әлемде теңдессіз геосаяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер болды. Осыған орай, біздің кейбір стратегиялық құжатымыз өзектілігін жоғалтты. Сондықтан «Қазақстан – 2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарау қажет. Яғни, бұл құжатты қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын айқындайтын стратегияға айналдыру керек. Жалпы, кез-келген жұмыс мұқият жоспарлануы керек. Сонда мемлекеттік саясат стратегиялық сипатқа ие болады және тұрақты жүзеге асырылады. Сонымен бірге еліміз кез келген сын-қатерге төтеп бере алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров