Биыл тамызда аптасына бес күн істейтін азаматтар 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады
30 тамызда Қазақстанда негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі - Конституция күні атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл тамызда аптасына бес күн істейтін азаматтар 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні және алты күн демалыс.
Тамыз айында Қазақстанда Конституция күні аталып өтеді. Осы жылы 30 тамыз сейсенбіге түсіп тұр, осыған байланысты демалыс күні сенбіден дүйсенбіге ауыстырылды. Сол себепті бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады.