Түркия мен Қазақстан арасындағы рейстер 1 қыркүйектен бастап қайта жаңданады. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қарааймаилоглу 1 қыркүйектен бастап екі ел арасындағы рейстердің басталатынын мәлімдеді.
Түркия рейстерді қалпына келтіру үшін 92 елмен келіссөз жүргізген.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы көктемдегі карантиннен кейін 20 маусымда қайта жанданды. Алайда, 4 шілдеде Қазақстанда COVID-19 індетінің күрт өсуіне байланысты рейстер тоқтатылған еді. 20 маусым мен 4 шілде аралығында 622 қазақстандық Түркияда демалды.
Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Түркияға туристік рейстерді 10 тамыздан бастап қайта бастау туралы жоспарын жариялаған болатын.