Алматы облысында 90 метрлік көрпе тігілді (видео)

26.10.2019 16:38

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады

Алматы облысы Кеген ауданының 90 жылдығына орай жергілікті тұрғындар 90 метрлік көрпе тікті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады. Қолөнер шеберлері ерекше туындысын жақында аудан орталығында өткен мереке шеңберінде көрсетті.

Аудан тұрғындарын мерейтоймен құттықтауға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мемлекет және мәдениет қайраткерлері келді.

Баспасөз қызметіндегілер 90 метрлік көрпе жергілікті мектеп-интернатқа берілетінін айтты.