Денесін өртейтін кезде әйел адам "тіріліп" кетті

26.10.2019 16:51

Әйелдің мәйітін өртемес бұрын күйеуі оның денесін жуған

Stan.kz

Таиландта мүрдесін өртеуге бірнеше минут қалғанда әйел адам тіріліп кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

20 қазан күні дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан Финидж Сопаджорнның көз жұмғанын айтты. 70 жастағы әйел үш күн бойы суық жерде тұрған табыттың ішінде жатқан.  

Әйелдің мәйітін өртемес бұрын күйеуі Тавин Сопарджорн оның денесін жуған. Ол сол кезде жұбайының денесінің сіресіп қатып қалмағанына таңқалған. Сондай-ақ, Тавин жұбайының әлсін тыныстап, кірпігінің қозғалып жатқанын байқағандай болған. Әйел адам ауруханаға жеткізілді.

«Әйелімнің жағдайы қатты ауыр. Ол қайтадан өзіне келеді деп ойламаймын. Бірақ ол тірі, оның өлетін уақыты келмеді. Егер оны тірі бола тұра өртеп жіберсек, бұл жаман болатын еді», - деді жұбайы Финидж.