Соңғы 1 жарым айда аудандық төрағалар 51 кездесу ұйымдастырған
Бұл туралы «Нұр Отан» қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осы уақытқа дейін аудандық филиалдарының барлығында 10 айда елу кездесу өтсе, соңғы 1 жарым айда ол көрсеткіш 6 есеге артып, барлық аудандық төрағалар 51 кездесу ұйымдастырған. Сондай-ақ, партия мүшелері, қалалық мәслихат депутаттарының жұмыс тиімділігі де сөз болды.
«Қала тұрғындарымен жиі кездесіп, олардың проблемаларын шешуге тырысу қажет. Сайлаушыларды тыңдауға тырысыңыздар. Әрбір азаматтың жүрегіне жету үшін кез-келген технологияны пайдалануымыз қажет. Ол үшін әкімшілік, маслихат пен барлық партия мүшелері бірлесіп жұмыс істеуі керек деп ойлаймын», - деді Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Кеңесті қорытындылаған шаһар басшысы партияны қайта жаңғыртудың маңызды мәселелері, партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін және жүргізіліп жатқан жұмыстың сапалы құрамдас бөлігінің маңыздылығын атап өтті. Жұмыстың нәтижесі қалалықтардың партияға деген сенімінің өсуі болмақ деді.