Іле Алатау Ұлттық паркі заң бұзғандарға 250 мың көлемінде айыппұл салынады
Алматылықтар таулы өңірлерде кәуап орталықтарын ашып тастаған кәсіпкерлерге қарсы шығып жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, бизнесмендердің бұл қызметі қоршаған ортаға залалын тигізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар мұнда киіз үй тігіп, кәуап пісіреді дейді. Халықтың бүйтіп алаңдаушылық танытуы эколог мамандарды да бей-жай қалдырмады. Олар халықтың бұл үндеуіне қолдау білдіріп, мангалдардың көзін құртып, экоқылмыстарға жол бермеу керектігін алға тартты. Оның орнына, газ жылытқыштары мен электромангалдар пайдаланған жөн дейді. Ал кәуапты арнайы белгіленген жерлерде ғана пісуге болады. Бұл туралы Іле Алатау Ұлттық паркі хабарлады. Ал заң бұзғандарға 250 мың көлемінде айыппұл салынады.