Екі серігімен бірге 9 қабатты үй салуға тереңдігі 25 метр шұңқырда жұмыс істеп жатқан жігітті топырақ басып қалған
Ауыр техникамен бірге тірідей көмілген оларды құтқарушылар үйінді астынан бес сағатқа жуық іздеген. Ал, қайтыс болған 50 және 54 жастағы қос жұмысшы жерленді.
Шымкентте топырақ астында қалып қойған жұмысшы есін жиғанымен, біраз есеңгіреп жатыр. Дәрігерлер үйіндінің астында қалған жігіттің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
«Жабық бел жағының жарақаты, жабық белдегі бірінші дәрежелі сынуы және жарақаттан кейінгі кеудесінің ісінуі. Науқас қарқынды терапия бөлімінде шұғыл тексерілуден өткізілді», – дейді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.
26 жастағы жігіт сөзге келсе де, сұхбат беруге құлықсыз. Жанындағы екі серігімен бірге тоғыз қабатты үй салуға тереңдігі 25 метр шұңқырда жұмыс істеп жатқан жігітті топырақ басып қалған. Ауыр техникамен бірге тірідей көмілген оларды құтқарушылар үйінді астынан бес сағатқа жуық іздеген.
Марқұм болған 50 және 54 жастағы қос жұмысшы жерленді. Полиция департаменті әзірге бір бап бойынша іс қозғап тексеріп жатыр. Болжам бойынша, құрылыстағы апатқа техника қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болуы мүмкін. Еңбек инспекциясы жұмысшылардың кешкі мезгілде, яғни сегіз сағаттан көп жұмыс істегеніне қатысты да тексеруді бастады.