Бауыржан Байбек Әуезов ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысын тексерді

служба по связям с общественностью акимата Алматы
служба по связям с общественностью акимата Алматы
Мамыр-5 шағынауданында салынған 120 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданын аралаған жұмыс сапары кезінде Таугүл-3 елдімекеніндегі «Белсенді ұзақ өмір» орталығының жұмысымен танысты және Елбасының «Туған жер» бағдарламасы бойынша Мамыр-5 ықшамауданындағы жеке инвестиция есебінен салынған жаңа балабақшаға барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Белсенді ұзақ өмір» қалалық бағдарлама аясында ашылған екінші Орталықта егде жастағы адамдарға күн сайын медициналық-әлеуметтік,  кешенді білім қызметтері көрсетіледі. Сондай-ақ психологиялық тренингтер өткізіліп, құқықтық кеңес беріледі, дұрыс тамақтану жолдары үйретіледі. Ол жерде зейнеттегі қариялар емдік денешынықтырумен, йогамен, хореографиямен айналысып, ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылық бойынша дәріс алады. Егер өткен жылы Алмалы ауданында ашылған алғашқы осындай орталықта 9 мыңнан астам адамға түрлі қызмет көрсетілсе, ал мұнда бірнеше ай ішінде ғана 4 мыңнан астам қалалықтар қамтылған.

«Қазіргі кезде Алматы тұрғындарының 12%-ы аға ұрпақ өкілдері. Біздің міндетіміз – сол кісілерге қажетті барлық жағдайды жасау, қамқорлыққа алу, зейнетке шықса да, белсенді өмір сүрулеріне, жаңа достар, жаңа ізденістер табуларына ықпал ету. Жақын арада Алатау және Бостандық аудандарында осындай орталықтар ашылады. Тағы бірі Әуезов ауданындағы Тастақ-1 елдімекенінде іске қосылады. Аға ұрпақ өкілдері белсенді әрі ұзақ өмір сүріп, балалары мен немерелерін қуанышқа бөлей берсін!», – деді Бауыржан Байбек.

Қарт адамдардың өздерін жақсы сезініп, денсаулықтарын нығайтуы үшін қаланың барлық аудандарында тегін бассейндер мен фитнес залдар ұйымдастырылған, 50-ден астам әлеуметтік клубтар ашылған. Жаңа мекемені қолжетімді ету үшін қала әкімі №104 бағытты ұзартуды тапсырды.

Сондай-ақ осы күні Бауыржан Байбек «Туған жер» бағдарламасы бойынша Мамыр-5 шағынауданында «BI Group» компаниясы салған 120 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді.

Қала әкімдігі жер учаскесін беріп, инженерлік желілерді жүргізді, ал құрылыс жүргізуші өзінің 600 миллионнан астам теңгесін жұмсап, ғимаратты салды. Жалпы, соңғы жылдар ішінде қалада 553 мемлекеттік және жеке балабақшалар ашылып,  83%-ға дейін балаларды қамтуға мүмкіндік берілді.

Айта кетерлігі, халық тығыз орналасқан осы шағынауданда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында жаңа балабақшаның шығыс жағында 1200 орындық мемлекеттік мектеп құрылысы басталды. Ал батыс жағына жаңа емхана салу үшін жер телімі бөлінді.

Новости партнеров