Қазанда бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы бір айда 6,3 пайызға өскен
Қазақстанда жұмыртқа бағасы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Қазанда бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы бір айда 6,3 пайызға, ал жылдық өсімде 14,8 пайызға өскен.
Бір айда бағаның ең үлкен өсімі Ұлытау (19,8 пайыз), Павлодар (14,7 пайыз) және Қызылорда облыстарында (13,6 пайыз) тіркелген. Ең төменгі баға Алматы облысында, мұнда 0,4 пайызға өскен.
Бір жыл ішінде Қызылорда облысында жұмыртқа қатты қымбаттаған, яғни баға 52,2 пайызға көтерілген. Одан кейін Қостанай облысында 34,1 пайызға өскен. Ал Алматыда баға, керісінше, 4 пайызға төмендеген.
Жыл басынан бері елде 3,8 миллиард жұмыртқа өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда, 5,3 пайызға көп. Өңірлер арасында өндірісте СҚО көш бастап тұр, мұнда 559,9 миллион жұмыртқа өндірілген. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жұмыртқаға сұранысты 96,3 пайызға қамтамасыз еткен.
Ал импорт 3,7 пайыз болған. Елге жыл басынан бері 130,8 миллион жұмыртқа әкелінген. Сонымен қатар, экспорт 2,2 есеге өсіп, 184,5 миллионға жеткен.