Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қала тұрғындарын жеке қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қаланың барлық аудандарын аралап, тұрғындармен кездесіп болған соң азаматтарды жеке қабылдай бастадым. Бүгін қабылдауымда 27 адам болды. Түрлі сұрақтар қойылды. Мәселені зерттеп, оның шешілу жолын іздейміз. Азаматтарды жеке қабылдау жүйелі негізде болмақ. Яғни, бір рет әкімдік ғимаратында, екіншісін «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңсесінде жүргізем», – дейді қала әкімі.
Ел-жұрттан келіп түскен өтініштер жіті қаралып, шешу жолдары қарастырылдады. Бұдан былай мұндай жеке қабылдау жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрмақ. Ал ауданның жалпылама тұрғындарымен болатын кездесулер бір тоқсанда бір рет өтеді.