Еліміздің сыртқы істер министрлігі берген ақпаратқа сәйкес, олар сол мемлекеттің тумалары. Жантүршігерлік апат 3-тамыз күні Науаи облысында «Нұрата-Жизақ-Фариш» автожолының 136-шақырымында болған. «Нексия» автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, «Исузу» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көлік салонындағы 7 адамның ішінде 67 жастағы қария мен 6 және 3 жастағы екі бала көз жұмды. Олар Өзбекстандағы туыстарына бара жатып апатқа ұшыраған.
«Тағы үш азамат жергілікті ауруханаға жеткізіліп, олар қазіргі күні есін жинады. Бірақ жағдайлары өте қиын. Бізде қолда бар ақпаратқа сәйкес қаза тапқандар мен зардап шеккендер Өзбекстанның тумалары болып шықты. Сондықтан туыстары қазақ тапқандарды сол жерде жерлеу туралы шешім қабылдады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек СМАДИЯРОВ.
Ал кеше кешқұрым Алматы Нүкіс бағытында бара жатқан жолаушылар автобусы Бұхара облысында аударылып қалған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 10 адам зардап шекті. Бір адам қайтыс болды. Зардап шеккендердің ішінде 6 Қазақстанның азаматы бар. Олар да жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дипломаттар туыстарымен байланыс орнатып жатыр. Жағдайлары орташа»,- деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек СМАДИЯРОВ.