Сағынтаев энергетика жүйесінің стратегиялық объектілерін тексеруді тапсырды

Фото: пресс-служба акима Алматы
Фото: пресс-служба акима Алматы
Қала басшысы жұмысшы тобына 10 күн ішінде тексерудің нақтылы қорытындысын ұсынуды тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың энергетика жүйесінің барлық стратегиялық объектілерін тексеруге пәрмен берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

«Бүгін Алматының энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі бойынша Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Энергоның», Энергияны мембақылау мен қала қызметтері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткіздім. «Ерменсай» қосалқы станса аумағындағы АЖК желісінде апат болғандықтан құрылғылар істен шыққан»,- деп жазды әкім.

Қала басшысы жұмысшы тобына 10 күн ішінде тексерудің нақтылы қорытындысын ұсынуды тапсырды.

«Жылу маусымына дейін қаланың энергетика жүйесінің барлық стратегиялық объектілеріне тексеру жүргізуді міндеттедім»,- деп атап өтті ол.


Новости партнеров