|
04.06.2020 | 11:54
3658

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мегаполис басшысы өз құттықтауын Twitter желісіндегі парақшасында жариялады

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады primeminister.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполис басшысы өз құттықтауын Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

Алматылықтарға жылы лебізін білдірген Бақытжан Сағынтаев қиындықтарды еңсере білуді және қуаныштар шуағын сезінуді тіледі.

«Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Барлық қиындықты бірге еңсеріп, қуанышқа себеп көп болсын. Туған қаламыз бен Отанға деген махаббатымызды өнегелі істеріміз және қол жеткізген биік жетістіктеріміз арқылы көрсетейік», - деп жазды Алматы әкімі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир