Бақытбек Смағұлдың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Бақытбек Смағұлдың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Ол «Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс», «Қан кешкен күндер», т.б кітаптарының авторы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Рухты оятқан жалынды қаламгер». Бүгін Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада" оның достары мен оқырмандары бас қосты. Ал мерейтой иесінің өзі белгілі себептерге байланысты шараға қатыса алмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі,

«Қарулас досымыз, ағамыз, қазақ халқының қазіргі таңдағы даңқты ұлдарының бірі Бақытбек Смағұл биыл 60 жасқа толып отыр. Қазір білесіздер, жұмыстың көп болғанына байланысты, ол кісі өзі келе алмай, орнына мен келіп отырмын», – деді Ауған соғысының ардагері Бақытжан ОРАЗАЛИЕВ.

Бақытбек Смағұл – сегіз қырлы, бір сырлы. Ол  «Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы - Алаштың ұлы», «Қаhарман», «Үш қырлы жебе» кітаптарының авторы. Жиында көргені мен түйгенін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетіп жүрген қаламгердің өлеңдерінен ән де айтылып, жыр да оқылды.

«Осы бір пендәуи өмірде ішімізде қандай да бір реніш болса да уақыт өте келе өтіп кетеді. Адамның ең үлкен қасіреті – жанжал. Бүгінде қоғам қайраткері, ауған соғысының ардагері, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бақытбек Смағұл бабалардан қалған сол бір жырды аузынан тастамай,  талай жасты рухтандырып жүр» – деді Ауған соғысының ардагері Аллажар СЕЙІТҰЛЫ.

Новости партнеров