Коронавирус Моңғолияға да жетті

10.03.2020 в 16:44

Шенеунік әзірге ауруханада емес, үйінде емделіп жатқан көрінеді

Науқас адам Моңғолияға Франциядан Мәскеу арқылы транзитпен келген. Бұл туралы осы елдің төтенше комиссиясы елде коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасын растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Қазір науқастың қанша адаммен байланыста болғаны анықталып жатыр. Қауіпті індет Францияның мәдениет министрі Франк Ристердің де бойынан табылған. Шенеунік әзірге ауруханада емес, үйінде емделіп жатқан көрінеді. Қазір министрмен де қатынаста болған адамдар зерттелуде. Сақтық шаралары үшін соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған. Ал, Италия билігі елде карантин жариялады. Коронавирустың тарауына байланысты төтенше жағдай туралы Италия премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеп, тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді. Айта кетейін, бүгінде коронавирус 100 елге таралды. Джонс Хопкинс институтының мәліметі бойынша, коронавирусты 113 мың 773 адам жұқтырып, 4 мың 8 адам қайтыс болған. 63 мың 663 адам емделген.