Нұржан Қалжан қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2024 в 16:00
Almaty.tv

Әнші Нұржан Қалжан қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Бүгінгі келіп жеткен әз-Наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін. Алла қаласа осы жылы елімізде молшылық, тек қана жақсылық жылы болғай! Әр отбасына береке, бірлік, құт келе берсін дегім келеді. Наурыз тағы да құтты болсын!"- деді Нұржан Қалжан.