Президент су басып жатқан өңірлердің біріне барады
Almaty.tv
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні су басып жатқан өңірлердің біріне баратыны белгілі болды. Дегенмен Президенттің нақты қай облыс, қай ауданға баратыны әлі белгісіз, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», - деп жазды Уәли.
Оқи отырыңыз: Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06