|
02.04.2024 | 12:44
306

Швейцариядағы әйгілі тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүрді

Үш адам қаза тапты

Швейцариядағы әйгілі тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүрді elements.envato.com

Дүйсенбі күні Швейцарияның әйгілі Церматт тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапты, тағы бір адам жараланды. Бұл туралы жергілікті полиция хабар таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан Альпідегі әйгілі курорт орталығы Церматтың Риффельберг аймағына құлаған үлкен қар жамылғысын көруге болады.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, құтқару операциясы бірден басталғанымен, артынша тоқтатылды дейді полиция. Полиция X әлеуметтік желісінде қаза тапқандар санын жариялады, бірақ олардың ұлты туралы ақпарат жоқ.

Билік өкілдері Швейцарияның оңтүстігіндегі Альпі тауларында қар көшкіні қаупі жоғары екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: Президент су басып жатқан өңірлердің біріне барады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир