Алматыда ұрланған автобөлшектер сататын тағы бір орын анықталды

06.02.2019 01:44

Алматыда көліктердің ұрланған айналарын сатумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көлеңкелі бизнестің орталығы Бостандық ауданындағы гараждардың бірінде анықталған. Саудагер ұсталған айналарды қайдан, кімдерден алғанын түсіндіріп бере алмаған. Сақшылар бұл жолы 100 айна мен үш аккумуляторды тәлкіледі. Жылдың басынан бері автомобильдердің қосалқы бөлшектерін заңсыз сатып келген 70-тен астам адам Қылмыстық кодекстің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.  

«Біздің пайымдауымызша бұл айналар ұрлануы мүмкін. Яғни, қандай да бір қылмыстық жолмен табылуы мүмкін деген болжамымыз бар. Қазір бұл айналар тәлкіленіп, оған қатысты бұл айналардың нағыз иелерін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егер бұл тауардың ішінен өз меншігін таныған адамдар болса, мнідетті түрде Бостандық ауданында полиция басқармасына хабарласуыларын сұраймыз», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі салтанат ӘЗІРБЕК.