Алматы полициясы балалар үйін қамқорлығына алды

ДП г. Алматы
ДП г. Алматы
Өз кезегінде балалар үйінің басшылығы полицияға кең қолдау мен көңіл бөлгені үшін ризашылықтарын білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көмек тәрбиеленушілердің физикалық дамуы мен тамақтануы үшін қажетті спорт жабдықтарын сатып алудан тұрды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Біз, Бостандық ауданында орналасқан №1 балалар үйі туралы айтып отырмыз.  Полиция бөлімшелері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне  бірінші рет көмек көрсетіп отырған жоқ, олардың арасында болашақта ішкі істер органдарында қызмет еткісі келетіндер де бар.  Бұл балалар біздің мұрагерлеріміз.  Жасөспірім кездерінің өзінде нақты мақсаттар қойғаны өте жақсы.  Бүгін, біз, қиын сәттерде балаларды қолдауға келдік, біз оларға спорттық сабақтар, экскурсиялар, құқықтық тренингтер өткізуді жоспарлап отырмыз және қажет болған жағдайда көмектесеміз», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Өз кезегінде балалар үйінің басшылығы полицияға кең қолдау мен көңіл бөлгені үшін ризашылықтарын білдірді.

«Жалпы біздің балалар үйі барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.  Бірақ балалардың тез өсіп келе жатқанын және олардың физикалық дамуы үшін қосымша спорттық жабдықтар қажет екенін ескере отырып, біз, мұндай қайырымдылыққа қуаныштымыз.  Айтпақшы, Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері - біздің тұрақты қонақтарымыз болып табылады. Олар біздің тәрбиеленушілерімізді Жаңа жылмен, Наурыз мейрамымен және балалар күнімен құттықтауды ұмытпайды.  Үлкен рахмет!» - деді, #1 балалар үйінің директоры Ғалия Омарова.

Новости партнеров