Б. Сағынтаев: 2020 жылы Алматының шеткі аймақтарынан 120 шақырым жол құрылысы басталады

29.11.2019 16:45

Бақытжан Сағынтаев келесі жылы Алматының шетінен 120 шақырым жаңа жол салынатынын айтты

пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімдігінің алдында тұрған қысқамерзімді міндет – жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы  жолдардың үлесін – 75%-ға жеткізу. 231 көшедегі 54 шақырым жолдың құрылысы аяқталды.

«134,8 шақырымдық 147 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы шеткі аймақтарда қосымша тағы 120 шақырым жол салуды бастаймыз», – деді әкім.

Сонымен қатар қоғамдық көлік мәселесіне де тоқталған әкім биылғы жаңалықтарды атап өтті.  

«Коммерциялық құрылымдар 172 автобус сатып алды. Әкімдіктің қаражаты есебінен газбен жұмыс істейтін тағы 260 автобус сатып алынды. Жаңартылған автобус паркінің үлесі 90%-ға жетті. Қаланың барлық троллейбус желісін жаңғырту жұмыстары басталды. Басты бағыт – қоғамдық көліктің экологиялық таза түріне көшу. 10 электр автобусы маршрутқа шықты», – деді Бақытжан Сағынтаев.